Жәнел Имантаева Бангкоктағы U19 жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Жәнел оңтүстіккореялық Джиэ Киммен қолғап түйістіріп, үш раунд бойы шиеленісті айқас көрсетті. Қарсыластар алаң ортасы мен арқан жанына ығысып, ашық шабуылмен алма-кезек соққылар алмастырды.
Жекпе-жек соңында төрешілер бөлінген шешіммен жеңісті Имантаеваға берді. Осылайша ол жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медаль місе тұтты.
Еске салайық, Жәнел турнирдегі алғашқы кездесуінде өзбекстандық Муслима Тұрғынованы тізе бүктірген.
Ұлттық құрама жаттықтырушылары: “Жәнелдің тактикалық дайындығы жоғары деңгейде, ол медаль үшін ғана емес, финал үшін де күресуге толық дайын”.
Айта кетейік, World Boxing ұйымы ұйымдастырған бұл додада U19 және U22 жас санатындағы боксшылар бақ сынауда. Чемпионат 11 тамызға дейін жалғасады. Жарысқа 25 елдің өкілдері қатысып жатыр.