Реклама
Реклама

Ақбота Есімбекова қарсыласын бірінші раундта екі рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
05.08.2025, 16:26

Боксшы Ақбота Есімбекова Азия чемпионатындағы жекпе-жегін әсерлі жеңіспен аяқтады.

instagram/@boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы қыз кемі қола медаль еншіледі

Ақбота 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Қырғызстан өкілі Айпери Адылбековамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек бірінші раундта-ақ аяқталды. Төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Себебі қырғыз боксшысы екі рет нокдаунға түсті.

Айқын жеңіс

Есімбекова айқын басымдықпен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Бұл нәтиже оған кем дегенде қола медальді қамтамасыз етеді. Ал Айпери Адылбекова жарыстан шығып қалды.

Реклама
Реклама