Санжарәлі Бегалиев Азия чемпионатының финалына сенімді жеңіспен шықты (ВИДЕО)
06.08.2025, 11:36
Таиланд астанасы Бангкокта World Boxing ұйымы ұйымдастырған тұңғыш жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының кезекті финалисі анықталды.
instagram/@boxingkazakhstan
80 келідегі тартысты текетірес
U22 санатындағы жарыстың жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Анкушпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жекте қазақстандық боксшының айқын басымдығы байқалып отырды.
Кездесу соңында барлық төреші бірауыздан жеңісті Бегалиевке берді. Ал үндістандық спортшы қола медальмен шектелді.
Санжарәлі — әлем чемпионы, енді Азияны бағындыруға жақын
Айта кетейік, Санжарәлі Бегалиев 2024 жылы Черногорияның Будва қаласында өткен IBA ұйымдастырған жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Ол — Қазақстанның ең үмітті жас боксшыларының бірі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама