Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Таиландтағы кезекті нокаут! Нұрсұлтан Шілдебай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.08.2025, 15:56

U19 санатындағы 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жолы рингте жарқ еткен — Нұрсұлтан Шілдебай.

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Қазақстан жастары — нокаут шеберлері

Бангкоктағы жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U19) World Boxing ұйымы жаңа дәуірге жол ашты. Қазақстан боксшылары турнир басталғалы қарсыластарын бірінен соң бірін техникалық нокаутпен жеңіп келеді. Бұл жолы ел қоржынына кезекті жүлдені Нұрсұлтан Шілдебай алып берді.

Жергілікті боксшы нокаутқа түсті

75 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Шілдебай таиландтық боксшы Такла Сангпакпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек басынан-ақ қазақстандық спортшының бақылауында өтті. Бірінші раундта Сангпакты нокдаунға жіберді. Екінші раундта екі мәрте есеп ашылды. Үшінші раундта соққылар легінен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша Шілдебай жартылай финалға жолдама алып, кемінде қола медальды қамтамасыз етті.

"Шілдебайдың сенімді әрі үстем жеңісі Қазақстан боксының жүйелі жаттығу мен шынайы шеберлікке сүйенетінін дәлелдеді", — деп жазды жанкүйерлер әлеуметтік желілерде.

Қазақстан үш медальді алдын ала қамтамасыз етті

Бұған дейін дәл осы күні тағы екі қазақстандық боксшы жартылай финалға мерзімінен бұрын шықты:

  • Әділет Төртүбек — 60 келіде;
  • Бейбарыс Әшірбай — 70 келіде.

Үшеуі де қарсыластарын нокаутпен жеңіп, кемінде қола жүлдегер атанды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары