Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Моңғол боксшысы есеңгіреп қалды: Әшірбай үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.08.2025, 15:34

2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай қарсыласынан нокаутпен басым түсті. 

Instagram/@boxingkazakhstan
Instagram/@boxingkazakhstan

Әшірбайдың жеңісті жекпе-жегі

Бейбарыс Әшірбай 70 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда моңғол боксшысы Баттумур Ньям-Очирмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің басынан-ақ басымдық танытқан Әшірбай қарсыласын бірінші раундта — бір рет, екінші раундта — екі рет нокдаунға түсіріп, рефери жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Осылайша Бейбарыс жартылай финалға шықты және кемінде қола медаль иесі атанды. Ал Ньям-Очир үшін бұл турнир осымен аяқталды.

Жартылай финал мен финал қашан өтеді?

Жартылай финал 8 тамызда. Финалдық жекпе-жектер 10 тамыз күні өтеді. 

"Жас боксшыларымыз Азияда алғаш рет World Boxing ұйымының жүлдесі үшін жұдырықтасып жатыр. Бейбарыстың жеңісі — команданың рухын көтеріп, медаль санын арттыруға жол ашты', — деп жазды отандық жанкүйерлер әлеуметтік желілерде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір