
Бангкоктағы World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде. U19 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектерде бірқатары жартылай финал жолдамасын сарапқа салды.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Әділет Төртүбек Қытай Тайбэйі өкілі Шэн Чи Куомен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.
Төртүбек қарсыласын екі мәрте нокдаунға түсірді, содан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл жеңіс Әділетке кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Әділет Төртүбек 2025 жылдың мамырында Шри-Ланкада өткен Азия чемпионатында (U19 және U22) IBA мен ASBC ұйымдастырған турнирде алтын медаль алған. Ол – жастар арасындағы құрлықтық додаларда тұрақты нәтиже көрсетіп келе жатқан таланттардың бірі.