Нұрислам Қалдыбаев Өзбекстанмен финалда камбэк жасады (ВИДЕО)
11.08.2025, 12:34
Бангкокта 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары тағы да рингте жолықты.
Instagram/@boxingkazakhstan
Финалдағы шешуші айқас
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрислам Қалдыбаев U22 турнирінің алтын медалі үшін өзбекстандық Шохрух Абдумаликовпен күш сынасты.
Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектен кейін төрешілер Қалдыбаевты жеңімпаз деп таныды.
Шешім бөлек түрде қабылданды, бірақ басты марапат – алтын медаль Қазақстан қоржынына түсті. Шохрух Абдумаликов күміс жүлдеге ие болды.
Бір жылда – екі Азия алтыны
Бұл жарыс – World Boxing ұйымы өткізген алғашқы құрлықтық жастар чемпионаты.
Айта кетсек, Нұрислам Қалдыбаев биыл мамыр айында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен ASBC және IBA ұйымдастырған Азия чемпионатында да топ жарған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама