Қазақстан Өзбекстанға қарсы "алтын" үшін камбэк жасады (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Бангкокта өтіп жатқан World Boxing ұйымының 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш тарихи жеңіске жетті.

Қазақстан Өзбекстанға қарсы "алтын" үшін камбэк жасады (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Финалдағы керемет камбэк

Бақыт Сейдіш 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Ойша Тоировамен алтын үшін айқасқа шықты.

Бірінші раундта Тоирова төрешілер шешімімен 3:2 есебінде алға шықты. Келесі раундта Сейдіш қарқынын күшейтіп, айқын басымдықпен 5:0 есебін тіркеді.Шешуші сәтте Бақыт толық үстемдік орнатып, соңғы есепті 5:0-мен түйіндеді.

Осылайша Бақыт Сейдіш – 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы, ал Ойша Тоирова күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейінгі жетістігі

Бақыт Сейдіш биыл мамырда Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында да жеңімпаз атанған. Бұл жарыс ASBC және IBA аясында өтті. Ал Қазақстан жалпыкомандалық есепте 41 алтын медаль иеленіп, құрлықтық турнирде үстемдігін дәлелдеді.