Қазір ол спорттан шеттетіліп қана қоймай, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін. Жарақат алған спортшы ем қабылдап жатыр
Джиу-джитсу әлемінде дау туғызған оқиға орын алды. Жас спортшы қыз қарсыласына тыйым салынған әдіс қолданып, оның омыртқасына ауыр жарақат салғаны үшін спорттан шеттетілді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода көк кимона киген спортшы қызға өмір бойы спортпен айналысуға тыйым салынғаны айтылады. Көпшілік бұл әрекетті әдейі жасалған қастандық деп бағалауда.
«Ол әдісті бір рет жасап көргенде төреші тоқтатты. Бірақ соған қарамастан қайтадан қайталады. Бұл нағыз садизм», – деп жазды желідегілер.
Желі қолданушылары қыздың ережені жақсы білгенін алға тартуда, себебі оның белбеуі – сұр, ал бұл әдіс тіпті ересектер арасында да қатаң тыйым салынған.
Көптеген пікір иелері бұл әрекеттің спорттық емес, қылмыстық сипат алғанын айтып отыр.
«Қылмыстық іс қозғау керек. Көк кимондағы қыз мұны әдейі жасады», – дейді желідегілер.
Қазір жарақат алған спортшы ем қабылдап, оңалту процедураларынан өтіп жатыр.