Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақ-қырғыз дербиі UFC турнирін ашады

Сарапшы, спорт журналисі
18.08.2025, 14:28

Жекпе-жек 23 тамыз күні Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. 

Қазақ-қырғыз дербиі UFC турнирін ашады
offside.kz

23 тамыз күні Қытайдың Шанхай қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде бір емес, үш этникалық қазақ октагонға шығады. Ең қызықты жекпе-жектердің бірі – қазақстандық Дияр Нұрғожай (10-1) мен қырғызстандық Уран Сатыбалдиев (9-1) арасындағы айқас болмақ. Бұл кездесу нағыз қазақ-қырғыз дербиі ретінде көпшіліктің назарын аударып отыр.

Дияр Нұрғожайдың қарсыласы кім?

UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізгелі отырған Диярдың қарсыласы – қырғыз спортшысы Уран Сатыбалдиев. Екі балуан да жас әрі мықты, сондықтан жекпе-жек аса тартысты болмақ.

Шанхайдағы турнирде тағы екі этникалық қазақ өнер көрсетеді:

  • Тайлак Нұражы (11-1) – ирландиялық Кифер Кросбимен (10-5) жартылай орта салмақта күш сынасады;
  • Мақсат Қайсар (10-4) – жеңіл салмақта америкалық Гэйдж Янгпен (9-3) кездеседі.

Бұл жекпе-жектер де қазақстандық жанкүйерлер үшін үлкен қызығушылық туғызатыны анық.

Турнир кестесі және уақыт

UFC Fight Night турнирін Қазақстан көрермендері ыңғайлы уақытта тамашалай алады.

  • Басталуы: 12:00 (Астана уақытымен)
  • Негізгі кард: 15:00

Басты жекпе-жектер:

  • Джонни Уокер vs Чжан Миньян
  • Брайан Ортега vs Алджамейн Стерлинг
  • Сергей Павлович vs Уолдо Кортес-Акоста
  • Су Мудаэржи vs Кевин Борхас
  • Тайлак Нұражы vs Кифер Кросби

Дияр Нұрғожай кім?

Алматы облысының тумасы Дияр Нұрғожай – панкратионнан әлем чемпионы, Қазақстанның жекпе-жек чемпионы. Ол 2017 жылы ММА-дағы кәсіби жолын бастады.

2024 жылы Дэйна Уайттың Претенденттер сериясында нокаутпен жеңіп, UFC-мен келісімшартқа қол жеткізді. Дебютін 2025 жылы 15 наурызда өткізгенімен, қарсыласына тұншықтыру әдісімен жеңілген болатын. Енді ол қателіктерін түзеп, жеңіске жетуді мақсат тұтып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір