Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты қуанышты хабар тарады

Сарапшы, спорт журналисі
04.10.2025, 14:24

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың айтуынша, Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құрамамен қайта жұмыс істеуі мүмкін. 

NUR.KZ
Реклама
Реклама

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Қазақстан боксының жұлдызы, бүгінде бапкерлік жолда да жарқырап жүрген Бақыт Сәрсекбаев жайлы жағымды жаңалықпен бөлісті. Дәлірек айтқанда, белгілі бапкер ұлттық құрамамен қайта жұмыс істеуі мүмкін.

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Sportinside.kz тілшісіне берген сұхбатында Бақыт Сәрсекбаевтың жаттықтырушылық қырына жоғары баға берді.

«Бақыт Сәрсекбаев – қазіргі таңда өте мықты бапкер. Шынымды айтсам, алғашында ол U-22 құрамасын жаттықтыра бастағанда кейбір түсініксіз жағдайлар болды да, кейін кетіп қалған еді. Бірақ қазір ақылды, сабырлы болып, қайта оралды. Оған тағы да мүмкіндік берілді. Маған оның жаттығу өткізудегі тәсілі, жиындарды ұйымдастыруы өте ұнайды — бәрі жоғары деңгейде», – деді Ибраимов.

Атақты чемпион Сәрсекбаевпен жеке сөйлескенін де жасырмады. 

«Саған бас бапкер болу міндетті емес, аға жаттықтырушы ретінде бар. Егер сен құрама командаға Олимпиада медальдарын алуға көмектескің келсе, онда дәл солай баруың керек», – деп пікір білдірді ол.

Фактілер мен статистика

  • 2025 жылы Шри-Ланкада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында Сәрсекбаевтың шәкірттері 22 алтын медаль жеңіп алды.
  • Бұған дейін ол Қазақстан U-22 құрамасынан уақытша кеткенімен, қайта оралып, жастар боксының дамуына үлес қосып жүр.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары