Реклама
Реклама

Арман Царукян «Шара Буллетпен» болған жекпе-жектен кейін ақталды

Сарапшы, спорт журналисі
31.12.2025, 18:07

UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік-армяндық файтер Арман Царукян Ереванда өткен грэпплинг кездесуінен кейін пікір білдірді. Оның қарсыласы — Шарабутдин Магомедов, жанкүйерлерге «Шара Буллет» лақап атымен жақсы таныс. 

sportbox.ru

Қос спортшының кездесуі тең нәтижемен аяқталды. Белдесу Армения астанасы Ереванда HYPE FC ұйымының аясында өтті. 

Арман Царукян бұл жекпе-жектегі ережелер өзіне ыңғайлы болмағанын жасырмады:

«Ережелер “тек сабмишен” және алты минут болды. Бұл – маған ыңғайлы формат емес. Дегенмен, жақсы шоу жасап, көрерменді қуантып кеттік деп үміттенемін», — деді Царукян.

Айта кетейік, екі спортшы да UFC-де келісімшартпен төбелеседі:

  • Арман Царукян — жеңіл салмақта (70 кг дейін)
  • Шара Буллет — орта салмақта (84 кг). 

Грэпплингтегі бұл кездесудің тең аяқталуы көпшілікті таңғалдырғанымен, Царукян оны ережелер ерекшелігімен байланыстырды.

Реклама
Реклама