Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әлем чемпионы Аида Әбікееваға қомақты сыйлық табысталды

Сарапшы, спорт журналисі

Екі дүркін әлем чемпионы Аида Әбікеева 2025 жылғы жетістіктері үшін қомақты марапатқа ие болды. Боксшыға 15 мың долларлық (шамамен 7,547 млн теңге) сертификат берілген.

Әлем чемпионы Аида Әбікееваға қомақты сыйлық табысталды
vesti.kz

Қандай марапат берілді?

Жыл қорытындысын шығарған Қарағанды облыстық бокс федерациясы өңірдегі үздік спортшылардың жетістігін атап өткен. Сол тізімде — екі дүркін әлем чемпионы атанған Аида Әбікеева да бар.

2025 жылғы табысты маусымы үшін оған 15 000 доллар көлемінде сертификат тапсырылған.

Айта кетейік, әлем чемпиондарына мемлекет тарапынан да 15 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылғаны бұған дейін ақпарат құралдарында жазылған. 

Әбікееваның «алтын» маусымы

Аида үшін 2025 жыл шынымен ерекше өтті. Ол бір жыл ішінде екі түрлі ұйымның әлем чемпионатында топ жарды:

  • IBA әлем чемпионаты (Ниш, Сербия)

Наурыз айында Ниш қаласында өткен IBA нұсқасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 63 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. 

  • World Boxing әлем чемпионаты

Кейін World Boxing ұйымдастырған әлем біріншілігінде Әбікеева финалға дейін жетіп, шешуші жекпе-жекте Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен кездескен. Бұл турнирде Аида алтын алды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір