UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік-армяндық файтер Арман Царукян Ереванда өткен грэпплинг кездесуінен кейін пікір білдірді. Оның қарсыласы — Шарабутдин Магомедов, жанкүйерлерге «Шара Буллет» лақап атымен жақсы таныс.
Қос спортшының кездесуі тең нәтижемен аяқталды. Белдесу Армения астанасы Ереванда HYPE FC ұйымының аясында өтті.
Арман Царукян бұл жекпе-жектегі ережелер өзіне ыңғайлы болмағанын жасырмады:
«Ережелер “тек сабмишен” және алты минут болды. Бұл – маған ыңғайлы формат емес. Дегенмен, жақсы шоу жасап, көрерменді қуантып кеттік деп үміттенемін», — деді Царукян.
Айта кетейік, екі спортшы да UFC-де келісімшартпен төбелеседі:
Грэпплингтегі бұл кездесудің тең аяқталуы көпшілікті таңғалдырғанымен, Царукян оны ережелер ерекшелігімен байланыстырды.