Реклама
Реклама

Иван Дычкоға титулдық айқас өткізетін қарсылас табылды

Сарапшы, спорт журналисі
19.02.2026, 09:00

Бұл туралы канадалық бокс сарапшысы Джим Карас мәлімдеді.

insports.kz

Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Иван Дычкоға (15-1, 14 КО) титулдық айқасқа ықтимал қарсылас ұсынылды. Бұл туралы канадалық бокс сарапшысы Джим Карас мәлімдеді.

Zuffa Boxing және жаңа жоба

UFC президенті Дана Уайт құрған Zuffa Boxing промоушені кәсіби бокста жаңа балама лига ретінде позициялануда. Ұйым өз чемпиондық белбеулерін сарапқа салып, ММА жүйесіне ұқсас формат енгізуді көздейді.

Алайда сарапшылардың пікірінше, Zuffa Boxing-тің басты мәселесі – боксшылар тізімінің (ростерінің) шектеулі болуы.

Дычко – Аджагба жекпе-жегі?

Джим Карас Zuffa-ның алғашқы суперауыр салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін ықтимал жұп ретінде нигериялық Эфе Аджагба (21-1-1, 15 КО) мен Иван Дычко арасындағы айқасты атады.

“Олар басқа промоутерлермен жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан титулдық жекпе-жектер аса әсерлі болмауы мүмкін. Қазірдің өзінде Эфе Аджагба мен Иван Дычко секілді боксшылардың алғашқы чемпиондық титул үшін шығуы ықтимал”, – деп жазды сарапшы.

Айта кетейік, Аджагба жуырда Zuffa Boxing құрамында дебют жасап, америкалық Чарльз Мартинді техникалық нокаутпен жеңген.

Дычконың соңғы жекпе-жегі

Иван Дычко соңғы кездесуін 2025 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткізді. Ол америкалық Джермейн Франклинге (24-2, 15 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Реклама
Реклама