"Ең жаманы осы": Ислам Махачев жарақат алған Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді

Сарапшы, спорт журналисі

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың кезекті жарақатына байланысты пікір айтып, спортшыға моральдық қолдау көрсетті. 

"Ең жаманы осы": Ислам Махачев жарақат алған Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді
фото: ашық дереккөздерден алынған

Махачевтің сөзі: "Операциядан кейін ағза толық қалпына келмейді" 

Ресейлік чемпион Шавкаттың соңғы уақытта жарақаттан көз ашпай жүргенін атап өтіп, мұндай жағдай спортшы үшін ең ауыр сынақтардың бірі екенін жеткізді.

Махачевтің айтуынша, ауыр жарақаттар мен операциялардан кейін ағзаның "100%" деңгейде бұрынғы қалпына келуі қиын. Дегенмен Рахмоновтың уақыт бар екенін, толық емделіп қайта оралатынын айтты. 

Шавкат Рахмоновтың жағдайы: камбэк тағы да кейінге шегерілді

Бұған дейін қазақстандық файтердің жаңа жарақат алғаны және операциядан кейін октагонға оралуы шамамен 9–10 айға шегерілуі мүмкін екені хабарланған. 

Қазақстандық спортшы соңғы рет UFC-де 2024 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізген.

Дәл осы жарақат жаңалықтарынан соң UFC ұйымы рейтингті жаңартып, Шавкат Рахмоновты жартылай орта салмақтың ресми тізімінен алып тастағаны белгілі болды. Бұған дейін ол 2-орында тұрған және титулға негізгі үміткерлердің бірі саналатын. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір