Жексенбі, 22 ақпанда қазақстандық файтер Әліби Идрис (10-1) АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өтетін UFC Fight Night 267 турнирінде өнер көрсетеді.
Әлемдегі ең ірі ММА-промоушндегі дебюттік жекпе-жегінде Ыдырыс америкалық Оди Осборнмен (13-9) кездеседі. Айқас шамамен Қазақстан уақытымен сағат 05:00-де басталады. Жекпе-жекті UFC-дің ресми сайтынан және Setanta Sports арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Еске салайық, Әліби Ыдырыс өткен жылдың тамыз айында UFC турнирінде октагонға шыққан болатын. Ол кезде қазақстандық екінші раундта сабмишн әдісімен америкалық Джозеф Моралеске (14-2) жол берген еді. Алайда сол жекпе-жекте UFC-пен келісімшарт сарапқа салынған. Нәтижесінде Ыдырыс промоушнмен төрт жекпе-жекке арналған келісімшартқа қол қойып, UFC жауынгері атанды.
Ал Оди Осборнның соңғы айқасы да 2025 жылдың тамыз айында өтті: ол австралиялық Стив Эрцегке (13-4) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.