Реклама
Реклама

Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі айқын басымдықпен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.02.2026, 20:29

Болгария астанасы Софиядағы бокстан "шағын әлем чемпионатында" Бағлан Кенжебек кезекті жекпе-жегін жеңіспен тәмамдады.

instagram/@boxingkazakhstan

Ерлер арасындағы 55 кг салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшыға Өзбекстан өкілі Абдулазиз Абдуназаров қарсы тұрды. Үш раунд қорытындысында төрешілер Бағлан Кенжебектің жеңісін бір ауыздан тіркеді.

Осы нәтижеден кейін Кенжебек ширек финалға жолдама алып, ал Абдуназаров турнирдегі күресін аяқтады.

Софиядағы “Странджа-2026” халықаралық турнирі 1 наурызда мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 39 боксшыны (19 ер, 20 әйел) алып барған.

Реклама
Реклама