"Жақсы жаңалық": Атақты боксшы Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясы туралы пікір білдірді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан боксының аңызы, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор Демьяненко орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты шыққан шешімге қатысты ойын айтты.

"Жақсы жаңалық": Атақты боксшы Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясы туралы пікір білдірді
Instagram/@janibek_alimkhanuly

Демьяненко не деді?

Виктор Демьяненконың айтуынша, бір жылдық шеттету – аз мерзім емес. Алайда ең маңыздысы – Жәнібектің WBO титулынан айырылмағаны.

“Бұл – тамаша жаңалық. Бір жыл дисквалификация – едәуір уақыт. Бірақ Әлімханұлына WBO белбеуін қалдырды. Оның үстіне, шеттету мерзімі желтоқсанда аяқталады. Ең бастысы – қорытынды шығарып, мұндай қателікті енді қайталамау”, – деді Демьяненко.

IBF белбеуі не болады?

Демьяненко IBF титулы бойынша нақты пікір айта алмайтынын жеткізді. Дегенмен оның пайымынша, бұл ұйым өз ережелеріне қатаң қарайтындықтан, белбеуден айыру қаупі жоғары.

“IBF бойынша нақты айта алмаймын. Бірақ, шамасы, ол титулдан айыруы мүмкін. IBF регламентке өте қызғанышпен қарайды”, – деді ол.

Виктор Демьяненко. ФОТО: vesti.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін WBO қазақстандық чемпионды мельдонийге оң нәтиже көрсеткен тест үшін бір жылға шеттеткен. Соған қарамастан ұйым Әлімханұлының WBO белбеуін тартып алған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір