"Странджа-2026": Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісін тіркеді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

77-ші халықаралық "Странджа" турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жарыс күнін сәтті бастады. Әнел Сақыш Қазақстанға қатарынан үшінші жеңіс сыйлады.

"Странджа-2026": Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жеңісін тіркеді (ВИДЕО)
orda.kz

Моңғол қарсыласына нокдаун саналды

Әнел Сақыш әйелдер арасындағы 54 кг салмақ дәрежесінің 1/8 финалында Моңғолия өкілі Энхжаргал Мунгунцэцэгпен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысында төрешілер жеңісті бір ауыздан — 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға берді.

Жекпе-жек барысында Сақыштың басымдығы анық байқалды. Екінші раундта рефери моңғол қызына нокдаун есептеді. Нәтижесінде Әнел ширек финалға өтті, ал қарсыласы турнирмен қоштасты.

Қазақстанның екінші күндегі “хет-тригі”

Әнел Сақыштың бұл жеңісі Қазақстан құрамасы үшін екінші күні қатарынан келген үшінші табыс болды. Бұған дейін Жазира Орақбаева (51 кг) мен Жайна Шекербекова (54 кг) жеңіске жеткен.