Қазақстан жұлдызы "Странджа" турнирін нокдаунмен бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақ боксының тәжірибелі өкілі Жайна Шекербекова Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 77-ші халықаралық "Странджа" турниріндегі алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады. Бұл жарысты бокс қауымы "шағын әлем чемпионаты" деп атайды.

Қазақстан жұлдызы "Странджа" турнирін нокдаунмен бастады
instagram/@boxingkazakhstan

1/8 финал: турнир қожайыны өкілі нокдаунға түсті

Әйелдер арасындағы 54 кг салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшыға Болгария өкілі Тала Хаббас қарсы тұрды. Үш раунд қорытындысында төрешілер Шекербекованың жеңісін бір ауыздан (5:0) тіркеді.

Шешуші сәт үшінші раундта болды. Рефери Хаббасқа нокдаун санап, эпизод қазақстандықтың басымдығын айқын көрсетті. Осылайша Жайна ширек финалға жолдама алып, турнир қожайындарының өкілін жарыстан шығарды.

Шекербекованың басты жетістіктері

Жайна Шекербекова — халықаралық аренада бұрыннан танымал. Ол:

  • әлем чемпионаттарының үш дүркін жүлдегері (2016, 2022 — қола; 2018 — күміс),
  • Азияның екі дүркін чемпионы (2010, 2022),
  • 2014 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Софиядағы “Странджа” турнирі 1 наурызда мәресіне жетеді. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) алып келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір