Ағайынды Сабырхандар “жыртқыш" режимге көшті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

World Boxing ұйымының Instagram-парақшасында Махмұд пен Төрехан Сабырханның оқу-жаттығу жиынынан видео жарияланды.

Ағайынды Сабырхандар “жыртқыш" режимге көшті (ВИДЕО)
instagram/@sabyrhantorekhan

Азия чемпионатына дайындық

Қос боксшы Азия чемпионатына дайындықты күшейтіп, жаттығу қарқынын арттырған. 

World Boxing жазбасында бауырлардың бапты шыңдап, жоспарлы түрде жұмыс істеп жүргенін жеткізген. Видеода спортшылардың техника, жылдамдық және қозғалысқа арналған жаттығуларды орындаған сәттері көрінеді.

Құрлықтық біріншілік қашан және қайда өтеді?

Бокстан Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтеді. Жарыс 28 наурыз – 11 сәуір аралығына жоспарланған.

Махмұд Сабырхан – Азия чемпионы (2024), сондай-ақ құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері (2022).

Төрехан Сабырхан – жасөспірімдер мен юниорлар арасында Азия чемпионатын төрт рет жеңіп алған тарихтағы алғашқы боксшы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір