Реклама
Реклама

Қазақстан бокстан “шағын әлем чемпионатында” алғашқы жүлдеге қол созды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
26.02.2026, 18:22

Әнел Сақыш Болгарияның София қаласында өтіп жатқан 77-ші халықаралық “Странджа” турнирінде ширек финалдық жекпе-жегін сәтті өткізді.

NUR.kz

Сақыштың ширек финалдағы айқасы қалай өтті?

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әнелге бразилиялық Ана Ливия Висенте Линарес қарсылық танытты. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер жеңісті бөлек шешіммен (4:1) қазақстандыққа берді.

Осы нәтижеден кейін Әнел Сақыш жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медаль еншіледі.

“Странджа” турнирі туралы қысқаша

“Странджа кубогы” — Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі. 2026 жылы жарыс 77-рет ұйымдастырылып отыр. Дода 1 наурызда мәресіне жетеді.

Реклама
Реклама