Ризабек Айтмұхан қатарынан үшінші жеңісіне жетіп, жартылай финалда ресейлік мықтымен белдеседі

Сарапшы, спорт журналисі

Тирана қаласында Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық күрес турнирі жалғасып жатыр. 

Ризабек Айтмұхан қатарынан үшінші жеңісіне жетіп, жартылай финалда ресейлік мықтымен белдеседі
uww.org

97 келіде өнер көрсетіп Ризабек турнирде әзірге жеңіліссіз келе жатыр және қатарынан үшінші белдесуін ұтып, келесі кезеңге өтті.

Ол іріктеуде грузиялық Андро Маргишвилиден айласын асырып, 8:5 есебімен жеңді. 1/8 финалда үндістандық Викиді тас-талқан етті. Ширек финалда италиялық Бенжамин Хонисты еш мүмкіндік бермей, 13:0 нәтижесімен тоқтатты.

Осылайша Айтмұхан жартылай финалға шығып, енді әлем күресіндегі "тірі аңыздардың" бірі саналатын Абдулрашид Садулаевпен белдесуге мүмкіндік алды.

Еске салайық, Абдулрашид Садулаев 1/4 финалда қазақстандық Нұрдәулет Бекеновті 8:0 есебімен ұтқан. 

Ризабек Айтмұхан туралы қысқаша досье

  • Туған күні: 29 сәуір 2004 жыл
  • Туған жері: Кішкенекөл ауылы, Солтүстік Қазақстан облысы
  • Өңірі/қаласы: қазіргі таңда Астана атынан күреседі (бұған дейін Алматы құрамасында болған)
  • Жеке бапкері: Қанат Жолдасбай (әкесі)

Негізгі жетістіктері

U15 Азия чемпионатының қола жүлдегері (2019, 75 кг)
U23 Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2023, 92 кг)
Д. Қонаев мемориалының күміс жүлдегері (2022, 92 кг)
Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері (2023, 92 кг; 2024, 97 кг; 2025, 97 кг)
U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2023, 92 кг)
Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы (2023, 92 кг)
U20 әлем чемпионы (2024, 97 кг)
U23 әлем чемпионы (2024, 97 кг)
Д. Қонаев мемориалының қола жүлдегері (2024, 97 кг)
U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері (2025, 97 кг)
Исламияда финалисі (2025, 97 кг)
Атағы: ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Әлемдік рейтингтегі орны: 25-орын — 11 000 ұпай
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір