Қазақстандық жас жұлдыз Тиранадағы беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Албания астанасында Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық күрес турнирі жалғасып жатыр.

Қазақстандық жас жұлдыз Тиранадағы беделді турнирдің жартылай финалына шықты
Спортты дамыту дирекциясы

92 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жүрген еркін күрес шебері Камиль Куруглиев екінші белдесуін өткізді. Ол алдымен АҚШ өкілі Дастин Лотты 5:4 есебімен ұтқан еді. Кейін қырғыз балуаны Яков Чаплинмен жолығып, 2:0 есебімен басым түсті. 

Осы нәтижеден кейін Маңғыстау облысының өкілі жартылай финалға жолдама алып, чемпиондыққа бір қадам жақындай түсті. Енді Камильге алтын медаль үшін екі белдесу ғана қалды.

Рейтингтік маңызы жоғары бұл дода 1 наурызда мәреге жетеді. 

Камиль Куруглиевтің спорттық досьесі

  • Туған күні: 5 наурыз 2005 жыл
  • Туған жері: Алматы
  • Өңірі: Маңғыстау облысы

Негізгі жетістіктері

Кадеттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2021, 92 кг)
U17 Азия чемпионы (2022, 92 кг)
U17 әлем чемпионы (2022, 92 кг)
U20 Азия чемпионы (2023, 97 кг)
Д. Қонаев мемориалының жеңімпазы (2023, 92 кг)
U20 Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2024, 92 кг; 2025, 97 кг)
U20 әлем чемпионатының қола жүлдегері (2024, 92 кг)
Әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы (2024, 97 кг)
Д. Қонаев мемориалының қола жүлдегері (2024, 92 кг)
U20 әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2025)
Атағы: ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Әлемдік рейтингтегі орны: 8-орын (92 кг, 25 000 ұпай)
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір