Отандасымыз енді 22 жастағы үндістандық балуанмен күш сынасады.
Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан беделді турнирді қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан сәтті бастады.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан отандасымыз алғашқы кездесуде грузиялық Андро Маргишвилимен күресті. Тартысты белдесу 8:5 есебімен Айтмұханның пайдасына шешілді.
Енді ширек финал жолдамасы үшін қазақстандық балуан 22 жастағы үндістандық Викимен күш сынасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан Бішкекте өткен коммерциялық турнирде топ жарып, жанкүйерлерін қуантқан еді.
Айта кетейік, Тиранадағы турнирде 97 келі салмақта әлемдік деңгейдегі бірқатар атақты балуан бақ сынап жатыр. Атап айтқанда: