Бокстан әлем чемпионы Қазақстан қоржынына медаль салды (ВИДЕО)
Элина Базарова Софиядағы 77-ші халықаралық “Странджа” турнирінде ширек финалдық жекпе-жегін аяқтады.
Ширек финалдағы нәтиже
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Базарованың қарсыласы түркиялық Айшен Ташкын болды. Үш раунд қорытындысында төрешілер бір ауыздан (5:0) жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
ОсылайшатЭлина Базарова жартылай финалға өтіп, мерзімінен бұрын кемінде қола медальді қамтамасыз етті.
Базарованың жетістіктері
Айта кетейік, Элина Базарова бұған дейін жастар арасындағы әлем чемпионы атанған және ересектер арасында Азия чемпионы болған.
“Странджа кубогы” — Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі. 2026 жылы жарыс 77-рет ұйымдастырылып отыр. Софиядағы бәсеке 1 наурыз күні мәресіне жетеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.