Фарух Тохтасынов “Странджа” турнирінде 1/8 финалдағы жекпе-жегін сенімді өткізді.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фарухтың қарсыласы Түрікменстан өкілі Байрамдурды Нурмухаммедов болды. Айта кетейік, ол IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіс бір ауыздан (5:0) қазақстандық боксшыға берілді. Нәтижесінде Фарух Тохтасынов ширек финалға шықты.
“Странджа кубогы” — Еуропадағы ең көне бокс турнирлерінің бірі. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет ұйымдастырылып отыр. Софиядағы халықаралық дода 1 наурыз күні мәресіне жетеді.