Жанқош Тұраров АҚШ-та экс-чемпионмен рингке шықты

Сарапшы, спорт журналисі
31.03.2026, 09:29

Қазақстандық боксшы ирландиялық былғары қолғап шебері Стивен Маккеннамен спарринг өткізді.

NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Жуырда ол жоғары деңгейдегі спарринг өткізді.

Экс-чемпионмен спарринг

Лас-Вегастағы дайындық барысында Тұраров ирландиялық боксшы, бұрынғы WBC International Silver чемпионы Стивен Маккеннамен (15-1, 14 КО) бірге рингке шықты.

Маккенна "Хитмен" лақап атымен танымал және бірінші орта салмақта өнер көрсетеді.

Скриншот

Жанқош Тұраров бұл спаррингтен алған әсерімен бөлісіп, жаттығу сәтінен фотосуретті Instagram Stories-те жариялады.

Соңғы жекпе-жегі Алматыда өтті

Жанқош Тұраров соңғы рет:

  • 2025 жылдың 5 қыркүйегінде

  • Алматыда өткен бокс кешінде рингке шықты.

  • филиппиндік Али Канеганы (12-3-1, 8 КО) жеңді. 
Реклама
Реклама