Азия чемпионаты: Бүгін кім рингке шығады?
Кездесудің тікелей трансляциясы мен уақыты да белгілі.
Бүгін, 31 наурыз күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 Қазақстан атынан бір ғана спортшы шаршы алаңға шығады.
Римма Волосенко рингке шығады
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Римма Волосенко (60 кг) 1/8 финал кезеңінде өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы — Үндістан боксшысы Прия.
Кездесу 5-жұп ретінде жоспарланған. Сессияның басталуы — Астана уақытымен 09:00
Тікелей трансляция қайда көрсетіледі?
Жекпе-жектің тікелей трансляциясы:
- "Qazsport" телеарнасында
- сондай-ақ онлайн платформаларда көрсетіледі.
Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады. Ол World Boxing ұйымының аясында өтуде. Қазақстан атынан 20 боксшы (10 ер, 10 әйел) қатысып жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.