Азия чемпионаты: Тағы бір боксшымыз оңбай жеңілді

Сарапшы, спорт журналисі

Бұл Қазақстан құрамасы үшін қатарынан үшінші жеңіліс. 

Азия чемпионаты: Тағы бір боксшымыз оңбай жеңілді
1bol.kz

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы бокстан Азия чемпионатында тағы бір спортшысынан айырылды. Бұл жолы жарыс жолын әйелдер құрамасының өкілі Римма Волосенко аяқтады.

Римма Волосенко жарысты ерте аяқтады

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан World Boxing ұйымының Азия чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Римма Волосенко 1/8 финалда үндістандық Прияға қарсы шықты.

Үш раундқа созылған жекпе-жек толықтай қарсыласының басымдығымен өтті. Төрешілер шешімімен үндістандық боксшы 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша, Прия ширек финалға жолдама алса, Волосенко турнирдегі өнерін тоқтатты.

Қазақстан құрамасы үшін үшінші жеңіліс

Бұл — Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі үшінші жеңіліс. Бұған дейін екі қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалған болатын:

  • Жазира Орақбаева (51 кг)
  • Элина Базарова (54 кг)

Турнир туралы қысқаша мәлімет

Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан бұл додаға толық құраммен барды:

  • 10 ер боксшы
  • 10 әйел боксшы.