Азия чемпионаты: Оразбек Асылқұлов бүгін рингке шығады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:31

"Qazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Inbusiness.kz

 

Бүгін, 1 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 аясында Қазақстан құрамасының қатысуымен бір жекпе-жек өтеді.

Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда жұдырықтасады

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов турнирдің 1/8 финалында филиппиндік Пол Джулифер Басконға қарсы рингке шығады.

  • Жекпе-жек сессиясының басталуы: 09:00
  • Кездесу реті: 7-жұп

Бұл айқас Асылқұлов үшін турнирдегі маңызды кезеңдердің бірі болмақ.

Тікелей трансляция қайда көрсетіледі?

Азия чемпионатындағы барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде көруге мүмкіндік бар:

  • "Qazsport" телеарнасы

Айта кетейік, Азия чемпионаты-2026 алғаш рет World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып отыр. Құрлық біріншілігі 10 сәуірге дейін жалғасады.

Реклама
Реклама