Алғашқы жеңіс. Қазақстандық боксшы АЧ-2026 ширек финалына шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Оразбек Асылқұлов филиппиндік Пол Джулифер Басконды тізе бүктірді. 

Алғашқы жеңіс. Қазақстандық боксшы АЧ-2026 ширек финалына шықты (ВИДЕО)
insports.kz

Қазақстан құрамасының боксшысы, әлем чемпионы Оразбек Асылқұлов 2026 жылғы Азия чемпионатын сенімді жеңіспен бастап, ширек финалға жолдама алды.

Асылқұлов қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтіп жатқан құрлықтық біріншілікте 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Асылқұлов алғашқы жекпе-жегінде филиппиндік Пол Джулифер Басконмен кездесті.

Үш раундқа созылған айқаста қазақстандық боксшы толық басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті — 5:0.

Осы нәтижемен Оразбек Асылқұлов турнирдің ширек финалына өтті.

Турнир жалғасуда

Азия чемпионаты-2026 Моңғолияда 10 сәуірге дейін өтеді. Қазақстан құрамасы турнирде жүлделі орындар үшін күресті жалғастырып жатыр.