Жәнібек Әлімханұлының қарсыластары көз арбасу рәсімін өткізді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:31

Боксшылар ертең WBO уақытша титулы үшін айқасады. 

Champinon.info

Орта салмақтағы WBO уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізетін боксшылар — британдық Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра көз арбасу рәсімін өткізді. 

Лондондағы баспасөз-мәслихаты

4 сәуір күні Лондонда өтетін титулдық айқас алдында боксшылар БАҚ өкілдерімен кездесіп, ресми баспасөз конференциясына қатысты.

Кездесу соңында дәстүрлі face-off рәсімі өтті. 

Жәнібекке тікелей қатысы бар айқас

Дензел Бентли (21-3-1, 17 КО) мен Эндри Сааведра (17-1-1, 14 КО) — Қазақстанның чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ықтимал қарсыластары.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлы — WBO нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы. Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта дисквалификацияда. Ол 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетілген.

Дисквалификация аяқталған соң ол міндетті түрде титулын қорғауы тиіс. Қарсыласы — Бентли мен Сааведра арасындағы жекпе-жек жеңімпазы болады. 

Реклама
Реклама