Қазақстан – Қырғызстан жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:23

Ұлан-Батырдағы бокстан Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі медаль иемденді.

instagram.com/@boxingkazakhstan

Зейнуллиновтың айқын басымдығы

60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Ертуған Зейнуллинов қырғызстандық Мирзохид Имамназаровты жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

Ертуған Зейнуллинов рингте басымдық танытты. Қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жекті бірінші нөмірмен өткізіп, қарсыласына ыңғайлы аймақ қалдырмауға тырысты. Ол бұрыштарды дұрыс жауып, қарсыластың шабуылына тосқауыл қойып отырды.

Сондай-ақ Зейнуллиновтың қосарланған джебтері, қапталға жылжуы және сол қолмен денеге бағыттаған соққылары тиімді шықты. Кей сәттерде бастаманы қарсыласына ұстатқанымен қырғыз боксшысы бұл мүмкіндікті толық пайдалана алмады.

Қырғызстан өкілі бір сәтте ғана көзге түсті

Жекпе-жекте Мирзохид Имамназаровтың есте қалған сәттерінің бірі – Ертуғанды арқанға тіреп қойып, екі қолмен бірқатар соққы жасаған эпизод болды. Алайда бұл шабуыл жалпы айқастың тағдырын өзгерте алған жоқ. Қалған уақытта қазақстандық боксшының басымдығы анық байқалып тұрды.

Нәтижесінде Ертуған Зейноллинов Мирзохид Имамназаровты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңді. Осылайша Азия біріншілігінің жартылай финалына шығып, кемінде қола жүлдені қоржынға салды.

Реклама
Реклама