Азия чемпионаты: Екі қазақ-өзбек дуэлі күтіп тұр
Ұлан-Батырдағы АЧ-2026 ширек финалында қазақстандық бес боксшы рингке шығады.
Бүгін, 5 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты-2026 аясында Қазақстан құрамасының бес боксшысы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді. Бұл күнгі басты ерекшелік — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі айқас.
Күндізгі сессия: әйелдер құрамасы
Таңғы сессия Астана уақытымен 09:00-де басталады. Бұл кезеңде екі қазақстандық боксшы өнер көрсетеді:
09:45
- 48 кг: Әйгерім Сәттібаева — Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
10:45
- 57 кг: Ұлжан Сәрсенбек — Пунрави Руенрос (Таиланд)
Әйгерім Сәттібаеваның жекпе-жегі Қазақстан — Өзбекстан текетіресінің алғашқысы болады.
Кешкі сессия: ерлер шешуші айқастарға шығады
Кешкі бағдарлама 14:00-де басталады. Үш қазақстандық боксшы медаль жолында бақ сынайды:
14:45
- 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Таига Яги (Жапония)
15:30
- 80 кг: Ерасыл Жақпеков — Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
16:30
- 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Хань Сючжэнь (Қытай)
Ерасыл Жақпековтің жекпе-жегі — Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екінші маңызды кездесу.
Қазақстандық жанкүйерлер барлық жекпе-жектерді тікелей эфирде тамашалай алады. Оны "Qazsport" телеарнасы көрсетеді.