"Алтынға" бір қадам қалды. Айбек Оралбай АЧ-2026 финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:34

Ауыр салмақтағы көшбасшы Азия чемпионатында қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Sportarena.kz

Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 турнирінде жартылай финалды сәтті еңсеріп, финалға жолдама алды.

Оралбай қарсыласын толық басымдықпен жеңді

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Айбек Оралбай жартылай финалда Түрікменстан өкілі Довлет Исламовпен кездесті.

Жекпе-жек нәтижесі - 5:0.

Оралбай — тәжірибелі көшбасшы

Айбек Оралбай — Қазақстан құрамасының негізгі тұлғаларының бірі:

  • World Boxing әлем чемпионы (2025)
  • Азияның екі дүркін чемпионы

Айта кетейік, Азия чемпионаты-2026 10 сәуірге дейін жалғасады. 

Реклама
Реклама