Нұрбек Оралбай нокдаунмен финалға шықты (ВИДЕО)
Бүгін, 11:40
Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында сенімді жеңіске жетті.
GOV.KZ
Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты-2026 турнирінде жартылай финалды сәтті өткізіп, финалға жолдама алды.
85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай жартылай финалда моңғолиялық Бариахаан Доржбен кездесті.
Жекпе-жек барысында отандасымыз 1-раундта қарсыласын нокдаунға түсірді. Қорытынды есеп - 5:0 (төрешілердің бірауыздан шешімі).
Осы жеңістің арқасында Нұрбек Оралбай финалға шықты. Енді Азия чемпионатының алтын медалі үшін жұдырықтасады.
Турнир туралы
Азия чемпионаты-2026:
- Ұлан-Батыр, Моңғолия
- Қатысушы елдер: 20-дан астам
- Аяқталу күні: 10 сәуір
Қазақстан бұл додаға 20 боксшымен қатысты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама