Асу Алмабаев UFC рейтингінде жоғарылады

Бас редактор
30.06.2026, 15:58

Бұған отандасымыздың Бакудегі жарқын жеңісі ықпал етті.

Kursiv.kz

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Әзербайжандағы жарқын жеңісінен кейін UFC рейтингіндегі орнын жақсартты. "Зұлпықар" лақап атымен танымал спортшы ең жеңіл салмақ дивизионында сегізінші орыннан алтыншы сатыға көтерілді.

 Алмабаевтың Бакудегі жарқын жеңісі

Асу Алмабаев UFC турнирінде америкалық Чарльз Джонсонмен кездесіп, сирек орындалатын "Сулоев созуы" әдісімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл әдіс жекпе-жек жанкүйерлері мен сарапшылар арасында үлкен талқыға түсті. Қазақстандық файтер тек жеңіске жетіп қана қоймай, кештің үздік өнері үшін берілетін бонусқа да ие болған еді. 

Дивизиондағы үздіктер кімдер?

Қазіргі таңда ең жеңіл салмақ рейтингінде Асу Алмабаевтың алдында бірнеше мықты файтер тұр.

Бесінші орында — Лёнер Кавана. Төртінші сатыда бұрынғы титул үміткері Брендон Ройвал орналасқан. Үздік үштікті жапониялық Тацуро Тайра түйіндеп тұр.

Екінші орында Алмабаевты бұрын жеңген Манель Капе бар. Ал рейтингтің бірінші сатысында бұрынғы чемпион Алехандро Пантожа тұр.

Реклама
Реклама