Қазақстан Азия кубогына қатысатын құрамын жариялады: тізімде 14 дзюдошы бар

Бас редактор

Дүбірлі дода Қытайдың Тайбэйінде 11-12 шілде күндері болады. 

Қазақстан Азия кубогына қатысатын құрамын жариялады: тізімде 14 дзюдошы бар
olympic.kz

Қазақстан құрамасының дзюдодан ашық Азия кубогына қатысатын алдын ала тізімі белгілі болды. 11-12 шілде күндері Қытай Тайбэйінде өтетін халықаралық турнирге ел атынан 14 спортшы қатыспақ. Оның 10-ы ерлер, 4-еуі әйелдер. 

Ерлер құрамасы

Қазақстан ерлер құрамасының алдын ала өтініміне мына спортшылар кірді:

60 келіге дейін:

  • Тоқтар Үміталиев
  • Асылхан Зейноллин

66 келіге дейін:

  • Мейірбек Байзақов
  • Нұрсұлтан Зайзағалиев

73 келіге дейін:

  • Мәди Жеткерген
  • Береке Рахматуллаұлы

81 келіге дейін:

  • Мәди Амангелді

100 келіге дейін:
Әділет Сапарғалиев

100 келіден жоғары:

  • Мәди Еділбаев
  • Санжар Жабборов

Әйелдер құрамасы

Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан атынан төрт дзюдошы өтінімге енгізілді:

48 келіге дейін:

  • Аяна Дүйсенбай

52 келіге дейін:

  • Айшабибі Мұрадимова

63 келіге дейін:

  • Ханзада Қайратова

78 келіден жоғары:

  • Толқын Тұрсынақынова

Айта кетейік, бұл — жарысқа қатысушылардың алдын ала тізімі. Сондықтан турнир басталғанға дейін Қазақстан құрамасының өтінімінде өзгерістер болуы мүмкін.