Мейірім Нұрсұлтановқа қарсылас табылды

Бас редактор
Бүгін, 15:15

Жекпе-жек тамыз айында өтуі мүмкін. 

1bol.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) тамызда рингке оралуы мүмкін. Қарсыласы – WBC белбеуінің уақытша иегері кіші Хесус Рамос (24-1, 19 КО). Бұл туралы америкалық инсайдер Буг Уильямс мәлімдеді. 

"Менің бұл жекпе-жектің андеркартына болжамым мынадай:

  • Хесус Рамос пен Мейірім Нұрсұлтанов;
  • Бахрам Муртазалиев пен Брэндон Адамс.

Эгис Климас Бахрамның және Мейірімнің жұмысын жүргізіп келеді", - деп жазды Буг Уильямс өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, тамызда Роландо Ромеро мен Теофимо Лопес арасында чемпиондық жекпе-жек өтеді. Мейірім осы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетуі мүмкін.

Бұған дейін белгілі болғаны, WBA тұжырымының суперчемпионы Роландо Ромеро (17-2, 13 КО) 22 тамызда титулын қорғау үшін Теофимо Лопеспен (22-2, 13 КО) рингке шығады.

Реклама
Реклама