Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

Футбол шолушысы

Грек-рим күресі құрамасы Таиландтың Паттайя қаласында U-20 Азия чемпионатында жүлде санын көбейтті.

Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды
olympic.kz

20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар үш жүлде еншіледі. 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Әнапия финалға шықты. Шешуші белдесуде ирандық Алиреза Мохаммад Хоссейнимен кездесті. Финалда қарсыласына есе жіберген Әнапия Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

60 келіге дейінгі салмақта Алпамыс Болатұлы қола медаль үшін белдесуде жеңіске жетті. Қазақстандық балуан үшінші орын жолындағы кездесуде жапониялық Юсукэ Хиротадан басым түсіп, құрлық біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Қазақстан құрамасына тағы бір қола жүлдені Максим Украинцев сыйлады. 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол үшінші орын үшін өткен белдесуде қытайлық Синью Люді жеңіп, Азия чемпионатының жүлдегерлері қатарына қосылды.