Руслан Ахметов жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
11.07.2026, 18:46

Қазақстандық боксшы Джакартада U-19 санатындағы Азия чемпионатында жүлдегер атанды.

instagram/@akhmetov_09r

Қарсыласын 5:0 есебімен жеңді

Ахметов 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қырғызстандық Нұралы Абдрашитовпен кездесті. Қазақстандық боксшы басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осы нәтиженің арқасында Ахметов жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, Қазақстан құрамасына кезекті жүлдені қамтамасыз етті.

Финал жолдамасы үшін кіммен кездеседі?

Руслан Ахметов жартылай финалда өзбекстандық Сардорбек Бахромхуджаев пен оңтүстіккореялық Сон Хун Лим арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен жұдырықтасады.

Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы Азия чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласады.

Реклама
Реклама