Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Қазақстандық боксшы Тимур Тайбеков Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатында жүлде еншіледі.

Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті (ВИДЕО)
Instagram/@boxingkazakhstan

Үнді қарсыласынан басым түсті

Тимур Тайбеков 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында үндістандық Локешпен кездесті. Төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы нәтиженің арқасында Тайбеков Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, Қазақстан құрамасының қоржынына кемінде қола жүлде түсірді.

Келесі қарсыласы кім? 

Тайбеков жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Се Хун Пак пен тәжікстандық Худжамуминжон Холов арасындағы кездесу жеңімпазымен күш сынасады.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шығып, алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алады.