Жарнама
Жарнама

Қуат Хамитов вице-президент атанды

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. 

Қуат Хамитов вице-президент атанды
instagram/@kuat_khamitov

Жаңа қызметке кірісті

Алматы облысы күрес федерациясының өкілдері Қуат Хамитовтың жаңа лауазымға тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді. Федерация оның тәжірибесі өңірдегі күрес түрлерін дамытуға және жас балуандарды қолдауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

"Қуат Хамитовке жаңа қызметінде табыс тілейміз. Оның отандық күрестің дамуына, жас спортшыларды қолдауға және жаңа жеңістерге жетуге үлкен үлес қосатынына сенеміз. Жаңа қызмет — жаңа міндеттер, жауапкершілік пен мақсаттар", — делінген Алматы облысы күрес федерациясының хабарламасында.

ММА-дегі соңғы жекпе-жегі

Қуат Хамитов аралас жекпе-жектегі мансабын да жалғастырып келеді. Оның соңғы ресми ММА кездесуі ақпан айында Грузияда өткен. Сол жекпе-жекте бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Енді тәжірибелі файтер спорттық мансабымен қатар, Алматы облысындағы күрестің дамуына басқарушылық бағытта да үлес қоспақ.

Жарнама
Жарнама