ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында 21 медаль иемденді

Қазақстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсудан әлем чемпионатында өнер көрсетті.

Джиу-джитсу шеберлері әлем чемпионатында 21 медаль иемденді
Спортты дамыту дирекциясы

Әлем чемпионатына 37 ел қатысты

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты Абу-Дабиде өтті. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жарыс бір аптаға созылған.

Додаға 37 мемлекеттен 1200-ден астам балуан қатысып, Fighting, Duo, Show және Jiu-Jitsu No-Gi секілді бірнеше дисциплина бойынша жүлделе сарапқа салынды. Қазақстан атынан барлық өңірден 194 балуан әлемдік додада бақ сынады.

Қазақстанның үш алтыны

Ересектер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 15 қола медаль түсті. Нәтижесінде ұлттық команда жалпыкомандалық есепте төртінші сатыға тұрақтады.

Алтын медаль иегерлері: 

  • Болатбек Сейілхан — неваза, 77 келіге дейін;
  • Мерей Қабдуллаев — неваза, 85 келіге дейін;
  • Жәнібек Әбу-Бәкір — файтинг, 69 келі.

Күміс медаль иегерлері: 

  • Ажар Салықова — неваза, 70 келіге дейін;
  • Данагүл Талғатқызы — неваза, 70 келіден жоғары;
  • Әйгерім Төрегожина — файтинг, 48 келі.

Қола медаль иегерлері: 

  • Жібек Құлымбетова — неваза, 48 келіге дейін;
  • Марианна Журавлёва — неваза, 70 келіге дейін;
  • Абдулла Батырбек — неваза, 62 келі;
  • Адлан Мадаев — неваза, 77 келі;
  • Анна Стрельцова — неваза, 57 келі;
  • Бекзат Қазтаев — неваза, 56 келі;
  • Әли Батырбек — неваза, 56 келі;
  • Мақсат Төленді — неваза, 94 келі;
  • Ыдырыс Әлиев — неваза, 85 келі;
  • Жұлдыз Бауыржанқызы — файтинг, 45 келі;
  • Самат Сәрсенұлы — файтинг, 62 келі;
  • Асылан Қанатбек — файтинг, 62 келіге дейін;
  • Бекзат Баймұратов — файтинг, 77 келіге дейін;
  • Шерхан Жақсылық — файтинг, 85 келіге дейін;
  • Қуандық Есенеев — файтинг, 94 келіге дейін.

Әлем чемпионатында медаль саны мен алтын жүлделер көрсеткіші бойынша алғашқы төрттік төмендегідей орналасты:

1. Ресей — 10 алтын, 7 күміс, 17 қола;

2. БАӘ — 6 алтын, 6 күміс, 2 қола;

3. Италия — 5 алтын, 4 күміс, 4 қола;

4. Қазақстан — 3 алтын, 3 күміс, 15 қола.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.