Қазақстандық дзюдошылар Швейцариядағы турнирде алғашқы қарсыластарын білді
Лозанна қаласында дзюдодан Grand Slam кезеңі өтеді.
28 тамыздағы белдесулер
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан атынан бес дзюдошы бақ сынайды:
- 57 келі: Дана Әбдірова – Аселя Топрак (Ұлыбритания);
- 60 келі: Шерзод Давлатов – Тральяу Фернандес (Португалия);
- 60 келі: Талғат Орынбасар – Кристофер Веласко (АҚШ);
- 66 келі: Нұрқанат Серікбаев – Ромэн Бауд (Швейцария);
- 66 келі: Ақылжан Жұбатқанов – Уильям Лима (Бразилия).
29 тамызда кімдер татамиге шығады?
Екінші жарыс күнінде бес қазақстандық балуан жүлде жолындағы бәсекесін бастайды:
- 70 келі: Ажар Асхат – Мириам Буткерейт (Германия);
- 73 келі: Бақытжан Әбдірахманов – Вальтери Олин (Финляндия);
- 73 келі: Аңсарбек Ғайнуллин – Рэй Марин (Бельгия);
- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар – Петр Млади (Чехия);
- 81 келі: Әділет Алмат – Винченцо Пеллигра (Италия).
30 тамыздағы қарсыластар
Grand Slam турнирінің қорытынды күнінде ауыр салмақтағы қазақстандық дзюдошылар өнер көрсетеді:
- 78 келі: Аруна Жангелдина – Милица Забич (Сербия);
- 90 келі: Айдар Арапов – қарсыласы кейін анықталады;
- 100 келі: Марат Байқамұров – Ерназар Сәрсенбаев (Өзбекстан);
- 78 келіден жоғары: Аида Тойшыбекова – Фернанда Кумбира (Ангола);
- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев – Якуб Сордил (Польша).
Бұл бәсекенің айрықша маңызы бар. Дзюдодан Grand Slam санатындағы халықаралық турнир Лозаннада алғаш рет ұйымдастырылмақ.
Жарнама
Жарнама