Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде алты медаль жеңіп алды
Оның біреуі алтын медаль болса, қалған бесеуі қола жүлде.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Армения астанасы Ереванда өткен халықаралық турнирді алты жүлдемен аяқтады.
Қазақстандық спортшылар жарыста бір алтын және бес қола медаль жеңіп алды.
Ерхан Әбіл чемпион атанды
79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерхан Әбіл турнир жеңімпазы атанды.
Қазақстандық балуан өз салмағында қарсыластарынан басым түсіп, ұлттық құраманың қоржынына жалғыз алтын медальды салды.
Бес балуан қола жүлде иеленді
Қазақстан құрамасының тағы бес өкілі жарысты үшінші орынмен аяқтады.
- 57 келіде Еламан Амангелді,
- 61 келіде Мерей Базарбаев,
- 86 келіде Мағжан Жанырбай,
- 97 келіде Нұрдәулет Бекенов,
- 125 келіге дейінгі салмақта Әлімжан Сәлімжан қола медальға қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама