Жарнама
Жарнама

Еркебұлан Тоқтар жекпе-жектен қанша табыс табатынын айтты

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар рингке шыққаны үшін алатын орташа гонорарын жариялады.

Еркебұлан Тоқтар жекпе-жектен қанша табыс табатынын айтты
instagram/erkebulan_toktar

Еркебұлан Тоқтар бұл туралы IBA Nomad турнирі қарсаңында ALIBEKOVKZ арнасына берген сұхбатында айтты. Спортшының сөзінше, ол шамамен үш айда бір рет жекпе-жек өткізіп, әр кездесуден кейін демалысқа шығуға тырысады. Тоқтар өз гонорарын келіссөз арқылы анықтайтынын атап өтті.

"Мен үш айда бір рет шығамын. Жекпе-жектен кейін міндетті түрде бір жерге демаламын. Орташа есеппен 40-50 миллион теңге аламын. Мен саудаласамын. Осылайша өзімді сатамын", — деді Тоқтар.

Боксшы сұхбат барысында промоутер Зия Әлиевтің өзіне қатысты пікірін де айтып өтті. All Star Boxing компаниясының иесі файтерге салынған инвестицияның ақталғанын жеткізген.

IBA Nomad турниріндегі жекпе-жегі

28 тамызда Астанада өткен International Boxing Day турнирінде Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Бобиржон Исроиловпен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді. Тоқтар жекпе-жек барысында Исроиловты екі рет нокдаунға түсіргенімен, өзі де бір рет нокдаун алды.

Осыған дейін файтер шілде айында Алматыда өткен турнирде Артем Тарасовты бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.

Жарнама
Жарнама