Жарнама
Жарнама

Усик босатқан чемпиондық белбеу жаңа иесін тапты

Хорватиялық кәсіпқой боксшы Филип Хргович Лондонда британиялық Мозес Итауманы мерзімінен бұрын жеңді.

Екінші раундта нокдаун тіркелді

Боксшылар Александр Усик маусым айында босатқан Халықаралық бокс федерациясының чемпиондық белбеуін сарапқа салды. 90,7 келіден жоғары салмақтағы айқас 12 раундқа жоспарланды. 

Екінші раундта Итаума қарсыласын нокдаунға жіберіп, маңызды басымдыққа ие болды. Бірақ Хргович ауыр соққыдан кейін жекпе-жекті жалғастырып қана қоймай, біртіндеп кездесудің тізгінін өз қолына алды.

Айқас тоғызыншы раундта тоқталды

Жекпе-жектің тоғызыншы бөлігінде хорватиялық боксшы шабуылын үдетті. Итаума белсенді қарсылық көрсете алмай, қорғанысқа көшкеннен кейін төреші Хрговичтің техникалық нокаутпен жеңгенін жариялады.

Осы сәтте британиялық боксшының бұрышы да ақ сүлгіні лақтырып, айқасты жалғастырудан бас тартатынын білдірді.

Хргович төртінші жеңісіне жетті

34 жастағы Филип Хргович қатарынан төртінші кездесуінде жеңіске жетті. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші 21 жеңіске жетті. Соның 16-сын нокаутпен аяқтаған.

Хргович мансабында бір рет жеңілген. Британиялық Даниэль Дюбуаға мерзімінен бұрын есе жіберген. 

Ал 21 жастағы Мозес Итаума кәсіпқой мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Британиялық боксшының еншісінде 14 жеңіс қалды, оның 12-сі мерзімінен бұрын тіркелген.

Жарнама
Жарнама